Шерзат ісі бойынша сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты

Бұл туралы жәбірленуші тараптың қорғаушысы Мейірман Шекеев хабарлады.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Апелляциялық сот отырысы 2025 жылдың 18 тамызында сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтеді.

«Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот бұйрығымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды», — деді адвокат Мейірман Шекеев.

Естеріңізге сала кетейік, кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа ҚР ҚК 434-бабы — «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айып тағылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты