Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды: Куәгерлерден жауап алынып жатыр

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды.

NEGE

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында іс бойынша куәгерлерден жауап алынып жатыр.

Шерзат Полаттың отбасына тиесілі болған «Қамажай» дүкенінен Дархан Аскентай алған сыраға төлем жасаған кәмелетке толмаған жасөспірім Асқарбек Бекнұр және оның әжесі Қалтаева Светлана сотта куәлік етті. Асқарбек Бекнұр жездесінің өтініші бойынша 1000 теңге көлеміндегі төлемді өзінің әжесі Қалтаева Светлананың банк есеп-шотынан аударған.

«Апам Светлана Қалтаеваның шотынан Дархан Әскентайға мың теңге аудардым. Дарханды жездеммен бірге жүргенде көретінмін. Оның алдында бір рет ақша аударғанмын. Аударым жасағаннан кейін түбіртекті Дарханның өзіне жібердім. 2024 жылдың 3 қазанында болған оқиғаны кейін естідім», – деді Асқарбек Бекнұр сотта берген жауабында.

Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті