Шерзат Полаттың отбасы қазіргі адвокаттарынан бас тартты

Шерзаттың отбасы адвокаттарын ауыстырып, Талғардан көшуді жоспарлап отыр.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мұны адвокат Саида Тәукелева хабарлады. Ол осы шешімге байланысты Қаржаубай Нұрымовпен ертең кездесетінін жеткізді.

Істің сотта қашан қаралатыны әзірге белгісіз. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс жақын күндері сотқа берілетінін хабарлаған болатын.

Қазіргі уақытта Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады. Оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Өткен жылдың желтоқсан айында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді