Шерзат Полаттың өліміне қатысты істе куәгер болған қыздар қайта тергеледі
Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ш.Полатты өлтіру, Н.Гаипбаевты өлтіруге оқталу, бұзақылық, ұрлық және жасалған қылмыс туралы хабарламау айыптары бойынша 9 адамға қатысты үкім шығарды.
Алматы, NEGE. Прокурор сотталушыларды тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танып, оларға сәйкесінше мерзімдерге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленушілер мен олардың өкілдерібарынша қатал жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушылар кінәларын жартылай мойындап, олардың іс-әрекеттерін жеңілірек қылмыс құрамына қайта саралауды сұрады.
Сот барлық дәлелдемелерді зерделеп, сотталушыларды тағылған айыптардың барлық баптары бойынша кінәлі деп танып, оларға келесі жазаларды тағайындады.
Абзал Шынасылға, екі аса ауыр және бір ауыр қылмыс, ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігінің 5), 9), 14) тармақтары (адам өлтіру), 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 1), 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша – 23 жыл бас бостандығынан айыру.
Сакиев Равильге, бір аса ауыр және бірауыр қылмыс, ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі – 99-бабы 2-бөлігінің 7), 9) тармақтары (адам өлтіруге оқталу), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін қылмыстардыңжиынтығы бойынша түпкілікті – 20 жыл бас бостандығынан айыру.
Тоқтаубаев Азаматқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық), 188-бабының 1-бөлігі (ұрлық) жасағаны үшін, бұрын жасаған ауырқылмысы және ол бойынша өтелмеген жазасыескеріліп – 15 жыл бас бостандығын анайыру.
Ильясов Нұрқиясқа, ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін, бұрынғысоттылығы және ол бойынша өтелмегенжазасы ескеріліп – 9 жыл бас бостандығынан айыру.
Әскентай Дарханға, Тоқтаубаев Нұрболға, Белгожаев Шыңғысқа және Қалиахмет Дидарға ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық) жасағаны үшін заңмен көзделген барынша қатаң жаза – әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру.
Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға ҚК-нің 434-бабы (қылмыс туралы хабарламау) бойынша – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыружазасы тағайындалды.
Келтірілген моральдық шығынның есебіне Шынасылдан 60 млн. теңге, Сакиевтен – 30 млн. теңге, сондай-ақ қалған сотталғандардан ортақ тәртіпте және Сакиевтен – 30 млн. теңге өндірілді. Кәмелет жасқа толмаған Ы.-ға жәбірленушілер азаматтық талап қоймаған.
Бұдан басқа, сот прокурордың атынажекеше қаулы шығарды, яғни куәлар Д. Жақсыгелді, Э.Нұрбекова, А.Казакенова, Ю. Рузбакиевалардың әрекеттерінде қылмыс құрамдары бар болуы мүмкіндігіне назар аудартылған.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Бұдан бөлек, сотпен куәлар Д.А.Жақсыгелді, Э.К.Нурбекова, А.М.Казакенов, Ю.Д.Рузбакиевтің әрекеттерінде болуы мүмкін қылмыс құрамына прокурордың назарын аудару туралы жекеше қаулы шығарылды.
Олардың кінәсінің дәрежесін құқық қорғау органдар анықтау қажет.