Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысына алқабилер қатыспайды

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы алқабилердің қатысуынсыз өтеді.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Айыпталушылар сот отырысын алқабилердің қатысуымен өткізуге қарсылық білдірді.

Қылмыстық іс бойынша 9 адам айыпталып отыр.

Абзал Шынасыл – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 4-5-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру», 24-баптың 3-бөлігі «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»;

Равиль Сакиев – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық», 99-бабы 2-бөлігі 7-9-тармағы «Аса қатігездікпен қасақана адам өлтіру»;

Белқожаев Шыңғыс, Аскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Нұрбол, Ғалиахмет Дидар, Тоқтаубаев Азамат – Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық»;

Ысқақ Думан – Қылмыстық кодекстің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау».

Сот отырысының онлайн трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-каналында  көрсетіледі.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды