Шерзат Полаттың қазасына күдікті деп танылған Абзал Шынасыл өз кінәсін мойындамады

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша ашық сот процесі жүріп жатыр.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында күдіктілер өздері туралы мәлімет берді. Негізгі айыпталушылардың бірі Абзал Шынасыл сотқа толық дайын емес екенін мәлімдеді.

Судья одан дайын болмауына не себеп болғанын сұрады. Оған айыпталушының қорғаушысы істі зерттеуді енді ғана бастағаны себеп екенін түсіндірді.

«Біз іске енді сот процесі басталғанда ғана араласа бастадық. Құжаттарды толық қарап үлгермедік. Қорғау позицияларымыз әлі де нақты қалыптасқан жоқ. Абзал Шынасыл өзі де тағылған айыптарды мойындамайтынын айтып отыр», – деді қорғаушы.

Сотталушылардың бірі Равиль Сакиев те сотқа дайын емес екенін жеткізді. 

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті