Шерзат Полаттың әкесі сотталушылардан түскен өтемақыны балалар үйіне аударатынын мәлімдеді

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Каржаубай Нұрымов өзіне өтеу ретінде төленуі тиіс соманы балалар үйіне қайырымдылыққа аудармақ. Бұл туралы отбасының адвокаты Мейірман Шекеев мәлімдеді.

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Адвокаттың айтуынша, әуелде Каржаубай баласын өлтірген адамдардан ақша алудан үзілді-кесілді бас тартқан. Алайда, оған бұл өтемақының сотталғандардың шартты жаза алмауы үшін төленетін формалдық рәсім екенін түсіндіргеннен кейін, ол қаражатты қабылдап, қайырымдылыққа жұмсауға шешім қабылдаған.

Еске сала кетейік, сот моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздарды ішінара қанағаттандырды:

  • Абзал Шынасыл – жәбірленушілердің әрқайсысына 20 млн теңгеден;

  • Равиль Сакиев – 15 млн теңгеден;

  • Кәмелет жасына толмаған Думан Ысқақтан басқа қалған сотталғандар – 10 млн теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелген.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр