Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысы басталды: Куәгер қыздардың бірінен жауап алынып жатыр

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы басталды. 

Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Өткен сот отырыстарында жәбірленуші тарап өкілдері – марқұм Шерзаттың әжесі, анасы, әкесі, одан бөлек сол оқиғаны көрген куәгерлерден жауап алынған болатын.

Бүгін сол күнгі куәгер қыздардың бірі Эльмира Нұрбековадан жауап алынып, сотқа дейінгі тергеу барысында берген жауабы түсірілген видео қаралып жатыр. Ол бұған дейін сотта орыс тілінде жауап берген болатын.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев Эльмира Нұрбекованың бұған дейін тергеу амалдары кезінде тек қазақ тілінде жауап бергеніне соттың назарын аударды.

Сот отырысының онлайн-трансляциясы Жоғарғы соттың YouTube каналында көрсетіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

«Болашақ» бағдарламасы тізімінен Бостон университеті алынып тасталды

Ұлттық қордың 25 жылы: бюджетке алынғаны 205 млрд доллар, қоржында қалғаны 79 млрд доллар

Салмақты тәсіл: тарифтік саясат қалай дамиды?

АҚШ-та білім алатын қазақстандықтар саны сиреген