Шерзат Болаттың өліміне қатысты сот наурыз айында басталуы мүмкін

Бұл туралы адвокат Саида Тәуекелева айтты.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Адвокаттың сөзінше, қазіргі уақытта тараптар іс материалдарымен танысып жатыр.

Олар оны зерттеп болған соң соттың қашан басталатыны анықталмақ.

«Қазір қылмыстық іс материалдарын алып, танысып жатырмыз. Яғни қазір барлық тараптар материалдарды зерттеуге кірісуде. Танысып болғаннан кейін сот қашан басталатыны белгілі болады. Менің болжамым бойынша, шамамен наурыздың ортасына қарай сот істері басталуы мүмкін. Себебі қылмыстық іске қатысушылар өте көп», - деді адвокат.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Өткен жылдың желтоқсан айында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған. Сонымен қатар Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамалды.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді