Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтетін күн белгілі болды

Талғарда кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы қтетін күн белгілі болды. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алдын ала сот тыңдалымы 10 сәуірде Талдықорған қаласында қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта өтеді.  өтеді. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады. 

Алдын ала тыңдалымның Талдықорғанда өтуіне күдіктілердің көпшілігінің осы қаладағы уақытша ұстау изоляторында отырғаны себеп. 

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Өткен жылдың желтоқсан айында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір оқып жатыр

Астанада балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Тоқаев Қытайдағы шахта апатына байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Шодиев пен Машкевич мұрагерлерінің ERG-дегі үлесін Мүтәліптің компаниясы сатып алды

Қытайдағы шахта апаты: 82 адам қаза тапты