Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс осы аптада сотқа түседі

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық іс жақын күндері сотқа берілетінін хабарлады.

видео-скрин

Алматы, NEGE. «Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істі прокуратура тексеріп жатыр. Алдағы күндері, осы аптаның ішінде сотқа беріледі деп күтіп отырмыз. Басты сот талқылауын жүргізу үшін судья тағайындалады. Алдағы уақытта бұл жөнінде соттың өзі түсініктеме берсе, сауаттырақ болады деп ойлаймын», – деді Санжар Әділов. 

Қазіргі уақытта Шерзат Болаттың өліміне қатысты қылмыстық істің көлемі 62 томнан тұрады.  Оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанда Талғарда 16 жастағы Шерзат Болат кісі қолынан қаза тапты. Өткен жылдың желтоқсан айында оның ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі бейіт маңынан табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қазір оқып жатыр

Назарбаевтың екінші жұбайы жұмыс істейтін «Астана Балет» театры шығынға батқан

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді