Шерзат Болаттың өліміне қандай жарақаттар себеп болды? – Прокурор сараптама қорытындысын оқыды
Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот отырысында прокурор Дана Сәрсенбай айыптау актісін оқыды.
Алматы, NEGE. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша Шерзаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтан кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген жарақаттың салдарынан дамыған ауыр қан жоғалтудан болған.
Прокурордың айтуынша, Шерзат Полаттың өлімі 2024 жылдың 4 қазанында сағат 01.30-да Талғар орталық ауруханасының стационарында расталған.
«Кәмелетке толмаған Ш. Полаттың өлімі сол жақ өкпенің жоғары бөлігіне зақым келтіре отырып, сол жақтағы кеуде қуысына еніп, шаншылып кесілген жарақат нәтижесінде ауыр қан жоғалтудан болды. Өлімі 2024 жылдың 4 қазанында сағат 01:30–да Талғар орталық аудандық ауруханасы стационарында расталған. Мәйітті зерттеу кезінде келесі дене жарақаттары анықталды: ішкі және сыртқы қан кетуді тудырған сол жақ өкпенің жоғары бөлігінің зақымдануы. Бұл дене жарақаты стационарға келгенге дейін шаншу-кесу қасиеті бар заттың әсерінен туындаған. Сыртқы дене жарақаттары: сол жақ желке аймағында бастың шашты бөлігінің терісінің көгеруі, оң көздің ішкі бұрышында, оң көздің қабағында, оң қолдың артқы бетінде, оң қолдың екінші, үшінші, төртінші саусақтары, сол жақта мұрын, ерін аймақтарында, оң білектің бір бөлігінде сызаттар, — деді Дана Сәрсенбай айыптау актісін оқу барысында.
Сонымен қатар Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың сол оқиғадағы төбелес кезінде қандай жарақат алғаны да айтылды.
«2024 жылдың 11 қазан күні № 447-24-17 сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, Ғайыпбаевтың атына берілген медициналық құжаттардың деректері бойынша келесі диагноз қойылған: жабық ми жарақаты, бас мидың шайқалуы, басты желке бөлігінің қанталауы, кеуде мүшелерінің жабық жарақаты, оң жақтағы бөкседегі бірнеше сұғылған-кесілген жара, бет, маңдай, шынтақ, тізенің көгеруі түріндегі дене жарақаттары анықталды», – деді прокурор.