Шерхан Қалмұрза ойнаған құрам Еуро-2026 іріктеуінде жеңіске жетті

Қазақстанның U19 жасөспірімдер құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің алғашқы матчында Ирландия командасын жеңді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

instagram/kallmurza

Астана, NEGE. 1-топтың іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойында Кирилл Кекердің шәкірттері Ирландия құрамасымен кездесті. Матч Нидерландтың Одензал қаласында өтті.

Қазақстан құрамасының негізгі  сапында «Қайрат» клубының қақпашысы Шерхан Қалмұрза алаңға шықты. Ол қақпаға бағытталған бірнеше допты тосып, команданы гол соғудан құтқарып қалды.

Кекер командасы кездесуді 1:0 есебімен жеңіспен аяқтады. Жалғыз голдың иесі алматылықтардың тағы бір шабуылшысы Азамат Тұяқбаев.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді