Шенген визасының ережесі өзгерді

Еуропалық Одақтың сыртқы шекараларында бірыңғай кіру және шығу жүйесі (EES) кезең-кезеңімен енгізіле бастайды. Өзгеріс 2025 жылдың 12 қазанынан басталды. Бұл жаңашылдық Қазақстанға да қатысты.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірыңғай цифрлық база әр 180 күн ішінде 90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапарлар үшін қолданылады.

EES қалай жұмыс істейді?

Бірінші кіру кезінде саяхатшының паспорт деректері тіркеліп, суреті мен саусақ ізі алынады. 12 жасқа дейінгі балалар үшін тек сурет қажет. Кейін жүйе елде болу күндерін автоматты түрде есептеп, рұқсат етілген мерзімнен асып кеткендерді анықтайды.

EES жүйесіне деректерін тапсыру міндеті Шенген шекарасын визасыз кесіп өтетіндерге де, виза алатындарға да қатысты. Тек елде тұруға рұқсаты барлар мен ұлттық ұзақ мерзімді визасы (D санаты) барлар тіркелмейді.

Жаңа ережелер кезең-кезеңімен енгізіледі.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды