Шенеуніктерге шетелде шот ашуға заң жүзінде тыйым салынды

Еліміздің шенеуніктеріне заң жүзінде шетел банктерінде шот ашуға тыйым салынды, деп хабарлады

ҚазТАГ.

Алматы. NEGE. «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - деп хабарлады жексенбіде Ақорда баспасөз қызметі.
Еске салсақ, 1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын таныстыру барысында шетелде шоты бар шенеуніктерге, депутаттар мен соттарға қарсы шаралары туралы айтқан еді. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметкерден немесе квазимемлекеттік сектор өкілдерінен қос азаматтық анықталған жағдайда олардың қызметтерінен босатылатынын мәлімдеген еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?