Шенеуніктерге шетелде шот ашуға тыйым салынады

Қаржы министрі Ерулан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелде шот ашуға тыйым салынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Министрдің айтуынша, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізіп жатыр. 

Жамаубаев министрліктің FATF бойынша (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) жұмыс істейтінін айтты:

- мемлекеттік лауазымды тұлғаларға және квазимемлекеттік сектордағы тұлғаларға, олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салуды енгізу;

- салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтер алу құқығын заңнамалық бекіту.