Шенеунік Қызылорда әкімімен туыстық байланысы үшін жұмыстан кетті

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметінен кетті. Ол - Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шәменовтың туысы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы, NEGE. Балжан Шәменова жұмыстан кету туралы шешімін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, бір отбасынан шыққан екі адамның жоғары лауазымды қызметте жұмыс істеуі саяси тұрғыдан дұрыс емес. 

"Сондықтан мен өз еркіммен жұмыстан кетуге шешім қабылдадым. Жас кадрларға жол берейік. Олар ел игілігі үшін жұмыс істеуі керек", - деді ол.