Шенеунік 43 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді

Алматы облысында шенеунік тұрғын үй-коммуналдық қызмет ақысын төлеуге арналған 43 млн теңгені заңсыз иемденді деп күдікке ілінді,

деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы, NEGE. ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Бірыңғай есептеу орталығы басшысының тұрғын үй-коммуналдық қызметке, оның ішінде жылумен жабдықтауға, су ақысын төлеуге арналған қаражатты басқа шоттарға аудару арқылы ұрлау фактісін анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабымен сотқа дейінгі іс тіркелді. Келтірілген залал мөлшері 43 млн теңге.

Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті