Шенділердің қандай дәрі қабылдағаны да құпия ма?
Оқырманның есінде болуы тиіс, маусым айында біз «Шенділердің қайда емделетіні НЕГЕ құпия?» тақырыбымен мақала жариялағанбыз. Себебі жоғары билікте де коронавирус жұқтырғандар көп болғанымен, олардың қай ауруханада, қандай медициналық мекемеде ем қабылдап жатқаны туралы тұтамдай дерек айтылмаған. Әлі де айтылып жатқан жоқ. Ендеше, бүгінгі әңгімемізді сол тақырыптың жалғасы деп ұғыңыз.