Шелек ауылындағы ауруханаға шабуыл жасалған

21 наурыз күні сағат 16:00-де Еңбекшіқазақ ауданының ПБ Шелек ауылының ауруханасынан 1986 жылғы А. есімді азаматтың дене жарақаттарымен хирургиялық бөлімге жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.

Алматы, NEGE. Сол күні Шелек ауылы ПБ СДТБТ - да ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тергеу барысында зардап шеккен адам мен 1988 жылғы И. есімді азамат арасында Наурыз мерекесі өткен ауылдың шетінде жанжал туып, арты төбелеске ұласқан, нәтижесінде соңғысы денсаулыққа зиян келтіру үшін арнайы бейімделген затты пайдаланып, А. есімді азаматқа дене жарақатын салған. 

21 наурыз күні азамат А. емделіп жатқан медициналық мекемеде 1990, 1994, 1996 және 1997 жылғы төрт адамның заңсыз әрекеттері видеоға түсіп қалған.

Жоғарыда аталған адамдар мен қылмыстың негізгі фигуранты ұсталып, қамауға алынды.

Қазір жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу органы істің барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.