Шектеулер қайта қатаңдатылды

Грекия астанасында індеттің кеңінен таралуына байланысты шектеулер қатаңдатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE. Себебі соңғы аптада шаһарда вирусты жұқтырғандар саны күрт өскен. Жаңа тәртіпке сай бірер апта бұрын ашылған дүкендерде тұтынушыларды қабылдау тәртібі өзгерді. Ал дүйсенбі күні орта мектептерді ашу туралы жоспар қайта қаралып, тек алғашқы 3 сынып оқушыларына ғана мектеп қабырғасына оралуға рұқсат етілді.

Айта кетейік, Грекияда былтыр қараша айында енгізілген карантин мен коменданттық сағат тек 2 апта бұрын жеңілдетіле бастаған еді. Ал, ресми дерекке сүйенсек 10 миллионнан астам халқы бар Грекияда 155 мың адам вирусты жұқтырған.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр