Шектеу шаралары қашан алынады? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халық қандай жағдайда қалыпты өмірге оралатынын хабарлады.

Алматы, NEGE. "Халықтың 50%-нан астамында коронавирусқа қарсы иммундік жүйе қалыпстасса, барлық шектеу шаралары алынып тасталады. Халық карантинсіз, локдаунсыз  өмірге оралады" деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Covid-19-ға қарсы иммундық жүйе вакцина салдырған және ауырған адамдарда қалыптасады. Десе де коронавируспен ауырғандарда иммундық жүйе уақыт өте келе жойылады.