Шекарадағы карантин талаптары жеңілдеді

Өзбекстан Республикасына келетін шетел азаматтары вакцинация туралы жарамды сертификаты немесе паспорты болған жағдайда, ПТР тест немесе коронавирус инфекциясына қарсы антигенге экспресс-тест тапсыруға міндеттелмейді, деп хабарлайды Өзбекстан СІМ.

Алматы, NEGE. Сертификаты немесе вакцинация паспорты жоқ келушілерден елге барардан кемінде 72 сағат бұрын тапсырылған ПТР-тест нәтижесін (электрондық QR-коды бар) немесе шекаралық өткізу бекетінде антигенге тапсырылған тесттің теріс нәтижесін ұсыну талап етіледі.

Бұл ретте 12 жасқа дейінгі балаларға вакцинация туралы сертификаттың немесе паспорттың, ПТР тесттің және антигенге экспресс-тесттің нәтижесін алу қажет емес. Бұған дейін Өзбекстан 2022 жылдың 15 қаңтарында омикрон коронавирус инфекциясының жаңа штаммының таралуына қарсы карантин шаралары аясында шекараны кесіп өтуге шектеулер енгізген болатын.

16 наурызда Өзбекстан билігі Қазақстан мен Тәжікстан шекарасындағы өткізу бекеттерінде бірқатар карантин шектеулерін алып тастады.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты