Шекара қызметі барымташыларды ұстады

Шекарашылар үй малын ұрламақ болған үш адамды ұстады, – деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.

Алматы, NEGE. 5 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК ШҚ департаменті бөлімшесінің шекарашылары Талдысай елді мекенінің шетіндегі қызмет өткеру орнына бара жатқан кезінде жеке үй құрылысынан үй мүлкін ұрлауға әрекет жасаған үш адамды ұстағаны хабарланды. 

Күдіктілер Шыңғырлау ауданы бойынша аудандық полиция бөліміне жіберілді.

Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді