Шейх Тәмим Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды

Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты футболдан әлем чемпионатына шақырды.

Алматы, NEGE. «Алдымыздағы айдың соңында Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Осы ретте Қазақстанның футбол жанкүйерлерін әлемдік доданы тамашалауға шақырамын. Сондай-ақ, бүгін мен Президент мырзаға да футболдан әлем чемпионатын көруге шақыруымды жеткіздім. Сол уақытта Қазақстанда Президент сайлауы өтетіндігін білемін. Дегенмен, Сізді осы чемпионатқа келеді деп үміттенемін», – деді Қатар Әмірі Ақордада Қазақстан Президентімен кездесуден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды