Шегірткемен күрес: Қызылорда облысында жедел штаб құрылды

Қызылорда облысында 60 мың гектар жер шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тазарту жұмыстарын мердігер мекемелер жүргізбек.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, бүгінде 10 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқабы өңделіп, облыс әкімі орынбасарының басқаруымен жедел штаб құрылды. Жергілікті жерлерде мониторинг жүргізу және жұмыстарды үйлестіру үшін 279 адам жұмылдырылған.

Сондай-ақ шегірткеге қарсы күрес шаралары Арал ауданына қарасты Қарақұм, Сазды, Аққұм, Қосаман және Жіңішкеқұм ауылдық округтерінің аумағында жүргізілді. Оған 2 жеңіл авиация кемесі, 2 аса жеңіл ұшақ, 12 жерүсті техникасы, 5 дрон, 45 арқаға асылатын бүріккіш қолданылды. Мониторингке 48 маман жұмылдырылған.

Әзірге егін алқабының зақымдану жағдайы тіркелмеген.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе» жанкүйерлері Нани мен Love Айканың суретін өшіруді талап етті

Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі ту деп танылды

Блогер Жанабыловтар 7 жылға сотталуы мүмкін

Астанада лауазымды тұлғаның қателігінен педагогтер әлеуметтік аударымнан қағылған