Щучинск қаласының тұрғынынан Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі пулемет-тапаншасы табылды

'Мал ұрлығы' ЖПІШ-ін өткізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 58 жастағы тұрғынның үйінен 7,62 калибрлі 1944 жылғы Шпагин пулемет-тапаншасын тауып алып, тәркіледі.

Алматы, NEGE. Ақмолалық ақпан айында қаруды металл қабылдау пункті болған аумақтан тапқанын айтты. Қаруды заңсыз сақтау фактісі ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

Тексеру кезінде "Тіркелген қару" және "Қылмыстық қару" есебі бойынша мәліметтер базасында қару жоқ екендігі анықталды. Баллистикалық сараптама тағайындалды.

Тергеу жалғасуда.