«Шайн мускат» жүзімінің құрамынан ағзаға зиянды заттар табылған жоқ – АШМ

Ауыл шаруашылығы министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-тегі мемлекеттік инспекция комитетінің Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. Карантиндік фитосанитарлық қорытындыға сәйкес жүзімнің құрамынан карантиндік зиянкестер табылған жоқ.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг, бұл осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі танымал «шайн мускат» жүзімінің құрамын тексеретінін айтқан еді. 

Қазір оқып жатыр

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған