Шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы жеңіліс тапты

Шайбалы хоккейден Канаданың Оттава қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан жастар құрамасы Словакиямен кездесті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Негізгі кезең 4:4 есебімен аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Қосымша уақытта словакиялық хоккейшілер жеңіс шайбасын соғып, матч 4:5 есебімен аяқталды.

Қазақстан сапынан Артур Гросс, Асанәлі Сәркенов, Дәулет Нұркенов және Кирилл Ляпунов бір-бір шайбадан соқты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы ойынын 31 желтоқсан күні Швейцарияға қарсы өткізеді.