Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан АҚШ құрамасына есе жіберді
Қазақстан құрамасы Данияда өтіп жатқан әлем чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізді.
Алматы, NEGE. Отандастарымыз АҚШ құрамасына қарсы ойнады.
Алғашқы кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде қарсылас бес бірдей жауапсыз шайба соқты.
Үшінші кезеңде Зак Веренски есепті 0:6-ға жеткізді. Владимир Волков аз құрамда алға шығып, Қазақстан құрамасы сапындағы жалғыз голдың авторы атанды – 1:6.
Қазақстан – АҚШ 1:6 (0:0, 0:5, 1:1)
0:1 – 26:58 – Назар (Лакомб, Эйссимонт)
0:2 – 31:46 – Лакомб (Назар, Маккарон)
0:3 – 34:00 – Томпсон (Буйюм, Пинто)
0:4 – 34:58 – Бенирс (О’Коннор)
0:5 – 39:04 – Кесселринг (Назар, Эйссимонт)
0:6 – 45:54 – Веренски (Кесселринг, Келле)
1:6 – 59:10 – Волков кем құрамдағы гол
Қазіргі уақытта Қазақстан турнирлік кестеде соңғы орындардың бірін иеленіп тұр. Олег Болякиннің шәкірттері элиталық дивизионнан шығып қалуы мүмкін. Бұл Венгрия – Норвегия және Швейцария – Қазақстан (біздің құрама үшін соңғы матч) ойындарының нәтижесіне байланысты болады.