Шавкат Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеген америкалық файтер онымен жекпе-жекке шығудан бас тартты

Атақты америкалық файтер Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Журналистермен әңгімелесу барысында Колби Ковингтонға 29 жастағы Рахмоновпен келесі жекпе-жекті шығу туралы сұрақ қойылды. Америкалық файтер басқа адамды қарсылас көретінін айтты.

"Түк мағынасы жоқ. Томпсон қарсыласым болғанын қалаймын, бұл әлдеқайда маңызды жекпе-жек, үлкен атау. Бұл UFC үшін жақсы бизнес болар еді", – деді ол.

Ал Ковингтоннан ұтылған Леон Эдвардс (22-3-0-1) Ковингтонға Белал Мұхаммедке (23-32-0-1) қарағанда Рахмонов мықты қарсылас екенін айтты. 

Еске салсақ, америкалық файтер Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеп, оның кәсіпқойлығына күмән келтіретінін айтқан еді. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ

«Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет»: Президент дотацияға сеніп отыратын әкімдерді сынады

«Ересектермен бірдей жазаға тартылады»: ІІМ ата-аналарға ескерту жасады

«Кастетпен ұрған»: Таразда тоғызыншы сынып оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан