Шавкат Рахмоновқа жекпе-жектерге дайындалу үшін қаржы бөлінеді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Шавкат Рахмоновпен кездесті.

Алматы, NEGE. Министр кездесу барысында Шавкат Рахмоновқа жекпе-жектерге дайындалу үшін қаржы бөлінетінін айтты.

"Бүгін Қазақстан спортының жарқын жұлдыздарының бірі-Шавкат Рахмоновпен жеке кездестім. Біздің жаужүрек спортшымыз бірінен соң бірі жеңіске жетіп, UFC-ді батыл қадамдарымен бағындырып, отандастарының жүрегіне мақтаныш сезімін сыйлап келеді.

Мен Шавкатты жақында американдық Джефф Нилмен болған жекпе-жекте жеңісімен тағы да құттықтадым және оған алғыс хат табыстадым. Сондай-ақ, ол келесі жекпе-жектерге дайындалу үшін спортты қолдау қорынан қаржыландырылады", - деп жазды министр фейсбук парақшасында. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды