Шавкат Рахмонов жеңіске жетті (видео)

Ол Лас-Вегаста өткен 296-шы турнирде өнер көрсетті.

Алматы, NEGE. Шавкат Рахмонов америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жұдырықтасты. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді, алайда Рахмонов екінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында он сегізінші жеңісіне жетті, ал Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады.

Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: ол наурыз айының басында америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді