Шавкат Рахмонов UFC-дегі екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алды?

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC турнирінде өткізген екінші жекпе-жегі үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night турнирінде қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов бразилиялық Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Бұл - отандасымыздың ММА-дегі он төртінші, ал UFC-дегі екінші жеңісі. Сонымен қатар, қазақстандық өзінің барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал оның қарсыласы Мишель Празерес мансабында төрт рет қарсыласына есе жіберді. Prosports.kz ұсынған ақпаратқа сәйкес, Шавкат Рахмонов жекпе-жек үшін 40 мың доллар сыйақы алған.

Оның ішінде, 18 мың доллар айқасқа шыққаны үшін, 18 мың доллар жеңіске жеткені үшін және 4 мың қосымша сыйақы. Еске сала кетейік, өткен жылдың 25 қазан күні Абу-Дабиде өткен UFC 254 турнирінде қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC промоушеніндегі алғашқы кездесуін сәтті өткізді. Ол бразилиялық Алекс Оливейраны бірінші раундта жеңген болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты