Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Алматы, NEGE.  OАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. 

Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, бұл Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі дебюті болатын. Ал Алекс Оливейра бұған дейін ММА-де 28 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңген, қалған 8-інде жеңіліс тапқан. Бұл - бразилиялық файтердің UFC-дегі 19-шы кездесуі. 

Еске салайық, жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде Оливейра белгіленген салмақтан ауырлау болған, енді ол бұл кездесуден алатын гонорарының 20 пайызын Рахмоновқа береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалым беделді халықаралық сыйлыққа ие болды

Temu мен Shein киімдері Еуропадағы қоқыс контейнерлерін толтырып жатыр

Ұлттық кітап күні Жетісуда челлендж, буккроссинг, саяхат сабағы, дефиле және басқа да заманауи форматта өтуде

Астанада мас күйде көлік жүргізген Бас прокуратура қызметкері қамауға алынбаған