Шавкат Рахмонов алғаш рет UFC бас кардында өнер көрсетеді
Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (14-0) Карлстон Харриске (17-4) қарсы жекпе-жегі 5 ақпанда Лас-Вегаста өтетін UFC турнирінің бас кардына қосылды.
Алматы, NEGE. Бұл Рахмоновтың промоушендегі үшінші, басты кардтағы бірінші жекпе-жегі.
Қазақстандық спортшы алдын ала кардтың екі жекпе-жегінде тәжірибелі бразилиялық Алекс Оливейра мен Мишель Празересті тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Харрис те UFC-де екі жекпе-жек өткізген, ол қарсыластарын бірінші раундта нокаутпен сұлатқан.