Шавкат Рахмонов АҚШ-қа аттанды

Қазақстандық боксшы Шавкат Рахмонов (14-0) UFC әлемдік промоушені аясында үшінші жекпе-жегін өткізу үшін АҚШ-қа аттанды.

Алматы, NEGE. АҚШ-та Рахмонов дайындықтың соңғы кезеңін өткізеді. Соңғы лагерь әйгілі Санфорд ММА залында өтеді.

Отандасымыз 5 ақпанда сегізбұрышқа шығады. Шавкад Лас-Вегаста Гайанадан келген Карлстон Харриске (17-4) қарсы жекпе-жек өткізеді.