Шавкат Мирзиёев 58 адамға кешірім жасады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев 58 сотталған азаматқа кешірім жасады. Сөйтіп 44 адам түрмеден босады, 14 сотталушының жазасы жеңілдеді деп хабарлайды UzA агенттігі.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы «Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан әрі жасаған ісіне шын жүректен өкінген және түзету жолына нық қадам басқан бір топ адамды кешіру туралы» Жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес 58 азаматқа кешірім жасалған. Олардың ішінде 3 әйел бар.

Сондай-ақ, президент жауапты министрліктер мен ведомстволарға кешірім алғандардың туыстарына оралуына, қоғамға бейімделуіне, пайдалы жұмыспен айналысуына көмек көрсетуді тапсырған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады