Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спорттан кететінін айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов қандай жағдайда спортты тастап кететінін мәлімдеді. Бұл туралы кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының Youtube арнасына берген сұхбатында айтты.

видеодан скриншот

Алматы, NEGE. "Жекпе-жекке жай төбелесіп, жеңілемін деген оймен шықпаймын. Бар күшімді көрсетемін. Мен жеңілемін немесе қарсыласым жеңіледі деген оймен шығамын. Сол үшін шығар жеңіске жетіп жатқаным. Егер осындай ойым болмаса мен шықпай-ақ қоямын. Мотивациям жоғалса, мінез жағынан басқаша ойлайтын болсам, спортты тастап кетемін. Мен жекпе-жекке шығып, біреулерден таяқ жеп жүретін адам емеспін. Намысым жібермейді", – деді Шавкат Рахмонов. Қазақстандық файтер спорттық мансабын аяқтаған соң немен айналысатынын да сөз етті.

"Кәсіппен айналысқан дұрыс қой. Өзіңе-өзің бастық боласың. Ал мемлекеттік қызметке менің сабырым жетпейтін сияқты. Бірақ уақыт көрсетеді. Жақсы ұсыныс болса, күшім жететіндей немесе пайдам тиетіндей жұмыс болса жасаймын", – деді Шавкат Рахмонов.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында жоғалып кеткен бала аман-есен табылды

Марихуана тартып, айыппұл арқалаған қазақстандық Конституциялық сотқа жүгінді

Қазақстандық шенеуніктердің Эпштейн ісіне қатысы бар-жоғы әлі тексеріліп жатыр

Қарағанды облысында 13 жастағы бала іздестіріліп жатыр