Шатырдағы дискотека

Алматылық әйел полицияға көпқабатты үйдің шатырында ұйымдастырылған дискотекаға шағымданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Мен сіздің атыңызға өтініш жаздым. Байзақов көшесі, 170 мекенжайында орналасқан 9 қабатты үйдің шатырында әр аптаның жұма және сенбі күндері дискотека ұйымдастырылады. Музыканың дауысының қаттылығы сонша бүкіл ауданға естіледі. Сізден осы мәселеге қатысты шара қолдануыңызды сұраймын», - деп шағымданды алматылық әйел Facebook арқылы Алмалы аудандық полиция бөлімінің бастығы Есен Ысқақовқа. Полиция қызметкерлері бұл шағымды негізге ала отырып, тәртіп бұзушыларға айыппұл салған.

Қазір оқып жатыр

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті

Президент қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады

Айдын Рахымбаев байлығының жартысын қайырымдылыққа бермек