2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Шаш аламын деп жазаға тартылды

Таразда сұлулық салонының қызметкері төтенше жағдай режимін бұзды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Тараздағы сұлулық салондарының бірінің 25 жастағы шаштараз шебері төтенше жағдай режиміне қарамастан, жергілікті жоғары оқу орындарында білім алып жатқан Түркіменстанның бес азаматының  шашын  қиюға шешім қабылдаған.

Аталған құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері жаяу патрульдеу кезінде анықтады. Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін шаштараздың иесіне, шеберге және бес азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.