ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ ЖЫЛЫНА 1000 БАС ЖЫЛҚЫ БОРДАҚЫЛАУДА

Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Алтынсай» шаруа қожалығы биыл 3 тоқсанда жұмысын бастады. Инвестордың өз қаражаты есебінен іске қосылған кәсіпкерлік нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Шымкент, NEGE. Қала әкімі жылқы және ірі қара бордақылауға маманданған өндірістің жұмыс барысын аралап көрді. Жоба құны – 770 млн теңге. 5 га аумақта орналасқан шаруа қожалық жылына 1000 бас жылқы бордақылауға қауқарлы.

Аталған кәсіпкерге 84 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. Нәтижесінде ішкі нарық жылқы етімен қамтамасыз етілуде.

Қазір оқып жатыр

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ