2 декабря 2022 г. 15:51

Шартты түрде бостандықта жүрген: Аязда қалған малшыны сотталғандарға арналған білезік құтқарып қалды

Фото:

Қарағанды облысында шартты түрде бостандыққа шығып, мал бағумен айналысып жүрген малшы қарлы боранда адасып кеткен.

Алматы, NEGE. Боранда адасып қалған малшы, қатты аязда айдалада қалып қояды. Қырсыққанда, қолындағы телефон да сөніп қалған. 

Бірақ оның жолы болды. Ол түрмеден шартты түрде бостандықта жүрген, сынақ мерзімінде. Сол себепті оның аяғына сотталғандарға арналған арнайы білезік тағылған. Арнайы білезік арқылы құтқарушылар оны тауып алады. Білезік болмағанда, ақ түтек боранда малшыны табу оңай болмас еді. 

Тегтер: