«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Қазақстандық спортшы Еркебұлан Тоқтар Арменияның Ереван қаласында өткен Hype Fighting Asia турнирінде өнер көрсетіп, қырғызстандық Марсель Нұрланбек уулынан жеңілді.

@erkebulan_toktar/Instagram

Астана, NEGE. Жеңіл салмақта өткен кездесу ММА қолғаптарымен бокс ережесі бойынша ұйымдастырылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен Қырғызстан спортшысының жеңісімен аяқталды.

Жекпе-жектен кейін спортшы өзінің шаршағанын мойындап, үзіліс алатынын айтты.

«Құрметті жанкүйерлерім, төмен қаратып қойғаным үшін ренжімеңдер. Хейтерлерім, күліп алыңыздар, мұндай күн жиі бола бермейді. Соңғы рет 3 жыл бұрын жеңілген едім.

Демалыс керек сияқты. Қанша уақыт екенін білмеймін: бәлкім, 3–4 ай, жарты жыл… Шаршап кеттім. Бірақ ораламын», – деп ағынан жарылды ол.

Еркебұлан Тоқтардың аралас жекпе-жектегі (ММА) кәсіби мансабына келсек, қазіргі таңда оның рекорды – 11 жеңіс, 3 жеңіліс.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін