Шәріпованың рейтингі төмендеді

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) ІВА тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды, алайда Boxrec.com порталының рейтингінде төменге түсіп қалды.

Алматы, NEGE. Шәріпова бесінші раундта танзаниялық Хэппи Даудиді (8-7-1, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңді, алайда BoxRec рейтингінде 19-орыннан 27-ші орынға төменге сырғыды.

Сондай-ақ, қазақстандықтың жинаған ұпайы да азайып қалған - 1.342-ден 0.516-ға кеміген.

Бұл Шәріпованың ұзақ уақыт бойы алаңға шықпай қалуымен және қарсыласының әлсіз екендігіне байланысты болуы мүмкін, ол соңғы рет 2019 жылдың сәуірінде рингке шыққан болатын.

Қазір оқып жатыр

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі

Мұнай тағы да күрт қымбаттады