Шарын шатқалында балаларды құтқарамын деп көз жұмған ұстаз марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалында оқушыларды құтқарамын деп мерт болған Мерей Ибрагимовты марапаттады.

Алматы, NEGE. "Адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Алматы қаласы "№ 199 мамандандырылған гимназия" КММ мұғалімі Мерей Нұрғазыұлы Ибрагимов "Ерлігі үшін" медалімен наградталсын (марқұм)", - делінген президент қаулысында.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Шарын шатқалында селден екі адамның көз жұмғаны айтылған еді. Олардың бірі оқушы, екінші мектеп ұстазы екені анықталды. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды