Шарын шатқалынан жұмбақ монолит табылды

Қазақстанда шығу тегі белгісіз монолит табылды. Ол бұған дейін АҚШ пен Румынияда анықталған тастарға ұқсайды, - деп хабарлайды The Market Periodical басылымы.

Алматы, NEGE. Басылым жариялаған суретте Шарын шатқалындағы үшбұрышты ерекше металл нысаны түсірілген. 

«Қазақстанда монолиттің қайдан шыққаны әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр», – делінген мақалада.

Әлемнің әртүрлі елінде 2020 жылдың қарашасында жұмбақ металл монолиттер пайда бола бастады. Сол кезде Юта шөлінде Қоғамдық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері биіктігі үш метрге жуық металл монолитті тапқан.

Содан кейін ұқсас нысандар Румыния, Ұлыбритания, Нидерланды, Колумбия, Испания аумағында табылды.

Қазір оқып жатыр

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр