Шарын маңында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылып, қылмыстық іс қозғалды

7 қарашада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары Шонжы – Көкпек – Алматы автожолында күдік тудырған автокөлікті тоқтатты.

Экология министрлігі

Астана, NEGE. Алдын ала мәлімет бойынша, көліктегі ер адамдар 6 қарашада ұлттық парктің Темірлік аумағына жақын жерде заңсыз аңшылық жасауға қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді.

Оқиға орнында қарақұйрыққа ұқсас бес жануардың ұшасы табылған. Олардың нақты түрі мен жынысы сараптама нәтижесінде анықталмақ.

«Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына (Заңсыз аңшылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді», – деп хабарлады Экология министрлігі. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен азаматтардың оған қатысы бар-жоғын тексеруге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.