Шардара су электр станциясы жұмысын тоқтатты

'Шардара су электр станциясы' жарық сөнуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті. Бұл туралы 'Самрұқ-Энерго' компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Шардара су электр станциясы" АҚ" ішкі жарық желілерінің өшуіне байланысты жүктемені 30 МВт-тан 0-ге дейін төмендетті", - делінген компания хабарламасында. 

"АлЭС" АҚ мен Мойнақ су электр станциясы жүктемесін сақтап қалған. Қазіргі уақытта Жүйелік оператор пәрменімен қуатты арттыруда. 

"Самрұқ-Энерго" АҚ-ның солтүстіктегі қуатпен қамтамасыз етушісі – Екібастұз ГРЭС-і жүктемені еш ақаусыз орындауда. 
Екібастұздың ГРЭС-1 станциясы 6 қуат блогы жұмыс істеп тұр. Жүктемесі 2 930 МВт, ал ГРЭС-2 станциясында жүктемесі 950 МВТ-қа тең екі қуат блогы жұмыс істейді. 

Айта кетейік, түскі уақытта Алматы, Тараз, Талдықорған және Шымкент қалаларында бір уақытта жарық сөнген еді.