«Шаңырақ» басшысы 14 млн теңге жымқырған

Павлодарда «Шаңырақ» орталығының басшысы 14 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Алматы, NEGE. «Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады», – деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Назымбек Бекжанов.

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ведомстволық бағынысты мекемесі. Аталған орталық 2003 жылы құрылған. Мұнда 100-ден астам адам жұмыс істейді.

«Ол 14,4 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке алынып отыр. 2017 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі кезең қарастырылды» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті